Reuters: Үндістандық компаниялар ресейлік мұнайды БАӘ ұлттық валютасы дирхамымен төлеуге көшті
Фото: Ник Оксфорд / Reuters
Үндістандық компаниялар ресейлік мұнай үшін төлем жасау үшін валюталарын ауыстырды, деп хабарлайды Reuters ақпарат көздері берген транзакция деректеріне сілтеме жасап.
Компаниялар ресейлік мұнай жеткізудің көп бөлігін БАӘ ұлттық валютасы – дирхаммен төлеуге көшкені нақтыланды. Үнді бизнесі мұндай қадамға Батыстың санкцияларын бұзу қаупін азайту үшін барды. Бұл ретте үнділік мұнай өңдеушілер ресейлік мұнайды негізінен Дубайдағы трейдерлерден, соның ішінде Everest Energy және ресейлік Лукойл мұнай компаниясының бөлімшесі Litasco компанияларынан сатып алатыны атап өтілген.
Үндістан Ресейге қарсы санкцияларды мойындамайтынына қарамастан, елдің банктері мен қаржы институттары Батыстың Ресейге қарсы қабылдаған басқа шектеу шараларын бұзбау үшін клирингтік төлемдерге сақтықпен келуде.
Бұған дейін АҚШ қазынашылығы Ресейден келетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны бекіткен болатын. Вашингтон серіктестерімен бірге Ресейден келетін мұнай өнімдеріне санатына қарай екі шектеу қойғаны нақтыланған.